1 күн бұрын

Бокстан IBA ұйымының әлем чемпионаты қалай өтті?

Бокстан IBA ұйымының әлем чемпионаты қалай өтті?

Бокстан 4-13 желтоқсан күндері Дубайда (БАӘ) өткен ерлер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Чемпионат алдындағы өзгеріс

Әлем чемпионаты басталмас бұрын Қырғызстан құрамасының 10 боксшысы және өзге 40-тан астам ел виза мәселесіне тап болғаны жайлы хабар тараған еді. Осы жайтты ескере отырып, IBA  президенті Умар Кремлёв жаһандық доданы 3 желтоқсаннан 4 желтоқсанға ауыстыруға шешім қабылдады.

Қай ел ең көп боксшысын қосты?

Әлемдік доданың жүлде қоры рекордтық 8,32 млн долларды (1-орынға 300 мың доллар, 2-орынға 150 мың доллар, 3-орынға 75 мың доллар, ширек финалистерге 10 мың доллар) құрады.

Осыған байланысты бірқатар елдер әлем чемпионатына толық құраммен қатысуды жөн көрді. Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Армения, Үндістан және Кения бар.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 1 млн 240 мың доллар ақшалай сыйақыны (боксшыларға - 620 мың доллар, федерацияға - 310 мың доллар, жеке бапкеріне - 310 мың доллар) еншіледі.

Қазақстан боксшыларының нәтижесі қандай?

10 күннің ішінде Қазақстан құрамасы 34 жеңіс, 10 жеңіліс көрсеткішін тіркеді. Барлық отандасымыз алғашқы айналымнан сәтті өте алды.

Ливерпульдегі әлем чемпионатында 55 келідегі Махмұд Сабырхан мен 70 келідегі Төрехан Сабырхан үздік шығып еді. Дубайдағы бәсекеде Сәкен Бибосынов (54 келі) мен Абылайхан Жүсіпов өздерін есептен әлі шығармау керектігін көрсетті.

Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы болса да, енді ғана өз мүмкіндігін алған Оразбек Асылқұлов топ жарды. Бірақ оның 60 келіде жұдырықтасатынын ескерсек, әлі өзін көрсетуі тиіс.

Ливерпульде сәтсіздікке ұшыраған Сабыржан Аққалықов (75 келі) мен Ертуған Зейнуллинов ел чемпионатында қайтадан өз орындарына лайық екенін дәлелдеді. Нәтижесінде қос спортшы төрткүл чемпионатының жүлдесін мойындарына тақты.

Құраманың ардагер спортшысы, 37 жастағы Теміртас Жүсіпов өзінің екінші жаһандық додасынан қола жүлдемен қайтуының өзі үлкен құрметке лайық.

Өкінішке қарай, Ерасыл Жақпеков (81 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі) лайықты айқасса да, жүлдеден тыс қалды.

Жүлдегерлеріміз:

Енді қазақ боксының тарихында 2 дүркін әлем чемпионы атанған Серік Сәпиев, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхандардың қатарына Сәкен Бибосынов та қосылды.

1-орын. 54 келі.  Сәкен Бибосынов

1-орын. 57 келі. Оразбек Асылқұлов 

1-орын. 71 келі. Абылайхан Жүсіпов

2-орын. Сабыржан Аққалықов

3-орын. 48 келі. Теміртас Жүсіпов (37 жасында әлем чемпионатының қола жүлдесін алды)

3-орын. 63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов 

Қандай елдер қатысты?

IBA ұйымының әлем чемпионатына 108 ел қатысты деген мәлімдеме жасалды. Әйтсе де 31 мемлекет тек 1 ғана спортшысын жібергенін де ескерген жөн. 

Африка - 34

Еуропа - 27

Азия - 22

Океания - 9

Оңтүстік Америка - 7

Солтүстік Америка - 7

Ал World Boxing ұйымының әлем чемпионатына қай құрлықтан қатысты?

Қыркүйек айында Ливерпульдегі жаһандық додада 68 ел жүлдеге таласып, Африка құрлығынан 3 қана ел қатысуға шешім қабылдаған.

Еуропа - 33

Азия - 17

Оңтүстік Америка - 7

Африка - 3

Океания - 4

Солтүстік Америка - 4

Босқындар құрамасы

Жалпы жүлде кестесі:

Қазақстанның ерлер құрамасы төртінші  рет қатарынан (2021, 2023, 2025) әлем чемпионатының жалпы есебін 2-орында аяқтады.

Ресей - 7 алтын, 5 күміс, 1 қола

Қазақстан - 3 алтын, 1 күміс, 2 қола

Өзбекстан - 2 алтын, 4 күміс, 3 қола

Әзербайжан - 1 алтын, 2 қола

Тәжікстан - 1 күміс, 1 қола

Қырғызстан - 1 күміс, 1 қола

Беларусь - 1 күміс

Армения - 5 қола

Грузия - 2 қола

Испания - 2 қола

Замбия - 2 қола

Куба - 1 қола

Мали - 1 қола

Молдова - 1 қола

Непал - 1 қола

Түркіменстан - 1 қола


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас