24 сағат бұрын
Семсерлесуші Кирилл Проходов әлем кубогының жеңімпазы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем кубогында отандасымыз Кирилл Проходов алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ерлер арасындағы сапы бағдарламасының жекелей сайысында сынға түскен спортшымыз жартылай финалда өзбекстандық Камронбек Исмоиловке 15:6 есебімен еш мүмкіндік қалдырмады. Ал ақтық сында ол Чэнь Бин-цзюньді (Қытайдың Тайпейі)
15:7 нәтижемен сенімді жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, осы жазда 18 жасар Кирилл Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге Грузияда өткен әлем чемпионатында командалық жарыста 9 дүркін Олимпиада чемпионы Францияны ұтып, тарихи қола медаль жеңіп алған болатын. Бұл сында ел намысын Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Алимжанов қорғады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас