8 сағат бұрын

Қазақстан бокс федерациясы кубогында Қарағанды құрамасы үшінші орын алды

Қазақстан бокс федерациясы кубогында Қарағанды құрамасы үшінші орын алды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қарағанды облысы Қазақстан бокс федерациясы кубогінің үшінші орын иегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бүгін Маңғыстау облысымен кездесуде 8:7 жалпы есебі тіркелді. 

Үшінші орын үшін Қарағанды облысының командасына 20 мың АҚШ доллары табысталады, ал топтық кезеңнен өтіп, жартылай финалға жеткен төртінші орындағы Маңғыстау облысының құрамасына 10 мың АҚШ доллары тиесілі.

Жартылай финалда Қарағанды облысының құрамасы Шымкентке 6:9, Маңғыстау боксшылары Астана құрамасына 7:8 есебімен жеңіліп қалды.

Енді финалда Астана және Шымкент қалаларының құрамалары сынға түседі.

     




Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас