7 сағат бұрын

Қазақстан бокстан «үлкен төрттікке» енді

Қазақстан бокстан «үлкен төрттікке» енді

Дубайда (БАӘ) өткен 2025 жылғы IBA нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізді. Ел құрамасы рекордтық жүлде қорының елеулі бөлігін иеленіп, әлемдік бокстағы «үлкен төрттіктің» қатарына енді.

Аталған чемпионатта жалпы жүлде қоры 8,32 миллион АҚШ долларын құрады. Турнирге 109 елден 428 боксшы қатысты. Жарыс ережесіне сәйкес, алтын медаль иегерлеріне — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлерге — 150 мың доллар, қола жүлдегерлерге — 75 мың доллар, ал ширек финалға шыққан спортшыларға — 10 мың доллардан сыйақы тағайындалды. Түскен қаржының 50 пайызы спортшының өзіне берілсе, қалған 25 пайызы жеке бапкеріне, тағы 25 пайызы ұлттық федерацияға бөлінді.

Чемпионат қорытындысы бойынша алтын медальдарды төрт елдің өкілдері жеңіп алды. Қаржылай табыс бойынша Ресей құрамасы көш бастады — 2,92 миллион доллар (7 алтын, 5 күміс, 1 қола). Одан кейін Өзбекстан — 1,62 миллион доллар (2 алтын, 4 күміс, 3 қола), Қазақстан — 1,24 миллион доллар (3 алтын, 1 күміс, 2 қола) және Әзербайжан — 490 мың доллар (1 алтын, 0 күміс, 2 қола). Осылайша, «үлкен төрттікке» жалпы жүлде қорының 75 пайызы немесе 6,27 миллион доллар тиесілі болды.

Айта кетейік, ЧМ-2025 нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын, бір күміс және екі қола медаль бар. Әлем чемпионы атанғандар — Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг). Күміс жүлдені Сабыржан Аққалықов (75 кг) иеленсе, қола медальдарды Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Ертуған Зейноллинов (63,5 кг) алды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас