15.12.2025

Астана қаласының боксшылары Конфедерация кубогында күміс жүлде алды

Астана қаласының боксшылары Конфедерация кубогында күміс жүлде алды

Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан бокс федерациясы кубогінің финалдық кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Айтулы жарыста Астана қаласының боксшылары жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Ал алтын жүлде Шымкент қаласының еншісінде қалса, Қарағанды облысы үздік үштікті түйіндеді. Төртінші орынды Маңғыстау облысының құрамасы иеленді.

Жарысқа Шымкент, Маңғыстау, Қарағанды облыстары мен Астана қаласынан 60-тан астам спортшы қатысып, шаршы алаңда өзара мықтыны анықтады.

Елорда намысын қорғаған қыздар мен жігіттер жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрермендерге тартысты әрі әсерлі жекпе-жектер сыйлады.

Айта кетейік, жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын бұл жоба аймақтарда боксты дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ жарыс аясында Қазақстан бокс федерациясы 2025 жылдың қорытындысын шығарып, үздіктерді анықтады.

Ерлер арасында Астана қаласының спортшысы Айбек Оралбай «2025 жылдың үздік боксшысы» атанса, жасөспірімдер (ұлдар) арасында Досжан Жұмахан жылдың үздік боксшысы деп танылды.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!