16.12.2025

Спорттан шеттетілген Дулат Бекбауов кәсіпқой бокста жұдырықтасады

Спорттан шеттетілген Дулат Бекбауов кәсіпқой бокста жұдырықтасады

Әлем және Азия чемпионаттарының финалисі, қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов (1-0, 1 КО) Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде рингке шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.

20 желтоқсан күні Алматы қаласында кәсіби бокс кеші ұйымдастырылады. Аталған турнирде отандық және шетелдік боксшылар өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр. Кештің басты кездесулерінің бірінде Дулат Бекбауов Өзбекстан өкілі Хасанбой Мирзахамраевпен (3-5, 2 КО) жұдырықтасады.

Жекпе-жек жартылай орта салмақ дәрежесінде өтеді.

Айта кетейік, Дулат Бекбауов санаулы күн бұрын ғана антидопинг офицерлеріне тұрғылықты орынын айтпағаны үшін, әуесқой бокстан 2 жылға шеттетілген болатын.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!