16.12.2025

Всеволод Шумков: Халоковтың құлағын сәл ғана тістеп алдым

Всеволод Шумков: Халоковтың құлағын сәл ғана тістеп алдым

Бокстан Дубайда өткен әлем чемпионатының финалында 60 келідегі Всеволод Шумков бастя фаворит саналаған Абдумалик Халоковтың құлағын тістеп алуына байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Матч.тв-ға сілтеме жасап.

— 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, Өзбекстан өкілі Абдумалик Халоковпен өткен финалдық жекпе-жекте сіз Майк Тайсон стилінде әрекет еттіңіз…

— Шынымды айтсам, ол солай болды… Эмоцияға беріліп кеттім. Ешқандай зиян келтіруді де, келтіремін деп ойлаған да жоқпын. Барлығы эмоцияның әсерінен болды. Ол мені ұстап тұрды. Мен сәл ғана (құлағын) тістеп алдым. Бірақ ол тістеу де болмауы мүмкін.

— Осы жайтқа байланысты қарсыласыңыздың жанкүйерлері наразылық білдіруде.

— Бұл жекпе-жектің нәтижесіне еш әсер еткен жоқ. Мұнда тұрған ештеңе жоқ, — деді Шумков «Матч ТВ»-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Ресей спортшылары 2025 жылғы Әлем чемпионатында (БАӘ) жеті алтын, бес күміс және бір қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас