7 күн бұрын
Қайрат Сәтжанов: Нұрбек Оралбай басқа салмаққа ауысқалы жатыр
Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Дубайдағы әлем чемпионатына не үшін негізгі құрамды апармағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Elordainfo.kz-ке сілтеме жасап.
Осы әлем чемпионатында 5 бірдей боксшымыз дебют жасады. Олардың өнеріне қандай баға бересіз? Халықаралық деңгейде 60, 85, 90, +90 келіде әлі лайықты ізбасарлар қалыптаспағандай әсер қалдырды?
- Иә, 5 боксшыны алғаш рет жаһандық додаға қостық. Бұдан да көп болушы еді. Бірақ бірқатар жерлестеріміздің тәжірибесі әлі де аз. Алдағы уақытта олардың уақыты келетініне сенімдімін.
60 келіде Ливерпульде Париж Олимпиадасының чемпионы Абдумалик Халоковқа қарсы лайықты жұдырықтасқан Бибарыс Жексен бар. Ал 85 келіге Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай ауысқалы жатыр. 90 келіде Сағындық Тоғамбай көшбасшы болып қала береді. Дәулет Төлемісов те 90 келіге көтеріліп қалуы ықтимал. +90 келіде жас боксшымыз Аслан Елдібайұлыдан зор үміт күтеміз. Өкінішке қарай, ол Қазақстан чемпионатында қолын сындырып алып, Өзбекстандағы оқу-жаттығу жиынына қатыса алмай қалды. Енді 2026 жылы АҚШ-тағы оқу-жаттығуға баратын тізімге қосамыз.
Айта кетейік, бокстан 4–13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов