Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

18.12.2025

Бокстан ұлттық құрама боксшылары қашан жаттығуға кіріседі?

Бокстан ұлттық құрама боксшылары қашан жаттығуға кіріседі?

Бокстан ұлттық құрама қаңтар айында Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарын бастайды, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Elordainfo.kz-ке сілтеме жасап.

«2026 жылдың 4-25 қаңтары аралығында жалпы дене дайындығы бойынша Түркістан облысында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін бірқатар спортшыларымыз Испаниядағы турнирге аттанады. АҚШ құрамасы Олимпиада бағдарламасына кіретін 7 салмақтан 14 боксшыны бірге Колорадо-Спрингс қаласына дайындалуға шақырды. Жыл сайынғы дәстүрлі Болгария, Мажарстан, Сербиядағы жарыстарда да күшімізді сынап көрмекшіміз. Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына дайындалу үшін, Қазақстанда Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркия және Англия құрамасы оқу-жаттығу жиынына қатысуға қызығушылық танытып отыр. 2026 жылдың басты жарысымыз – қыркүйек айындағы Жапониядағы жазғы Азия ойындары болмақ», - деді бас бапкері.

Айта кетейік, жақында ұлттық құрама боксшылары Дубайда ІВА өткізген әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленген еді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»