18.12.2025
Ұлытау облысы бокс федерациясының жаңа президенті сайланды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Ұлытау облысы бокс федерациясының жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Абдрахманов және бас хатшысы Мерей Ақшалов 17 желтоқсан күні Жезқазған қаласында бірнеше маңызды іс-шараға қатысты.
Аймақтың бокс мамандарымен жиын өткізіліп, Ұлытау облысы бокс федерациясының жаңа президенті сайланды. Бұл лауазымға кәсіпкер, меценат Қуаныш Байбатыров тағайындалды. Ұлытау өңірінде үш жыл бойы боксты дамытуға үлес қосқан Бөлтірік Дәурен Амангелдіұлына алғыс білдірді.
Федерация басшылығы Ұлытау облысы әкімдігі мен Қазақмыс корпорациясының ынтымақтастығы аясында салынған “Жігер” спорттық-сауықтыру кешенімен танысты.
Сонымен қатар, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің қабылдауында болып, өңірдегі бокс мәселелерін өзара талқылады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!