2 күн бұрын

Қазақстандықтан «алтынды» айырған боксшы алғаш рет жеңілді

Қазақстандықтан «алтынды» айырған боксшы  алғаш рет жеңілді

Өзбекстандық боксшы Мужибилло Тұрсынов (9-0, 2 КО) кәсіби рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді.

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WBC бірінші жартылай жеңіл салмақтағы Гран-при финалында Тұрсынов Колумбия өкілі Карлос Утриямен (13-0, 11 КО) кездесті. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілердің бір ауыздан шешімімен (77-75, 77-75, 78-74) колумбиялық боксшының пайдасына аяқталды. Осылайша, Утрия мансабында 14-ші жеңісіне жетіп, Гран-при-ді жеңіп алды, ал Тұрсынов кәсіби рингтегі алғашқы жеңілісін тіркеді.

Айта кетейік, 2024 жылғы желтоқсанда Мужибилло Тұрсынов екінші Азия чемпионаты финалында Таиландтағы Чиангмай қаласында Қазақстан өкілі Дулат Бекбаевпен кездесіп, төрешілердің біріккен шешімімен жеңіске жеткен болатын.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас