2 күн бұрын

Үш чемпиондық атақ үшін айқаста күтпеген нокаут тіркелді

Үш чемпиондық атақ үшін айқаста күтпеген нокаут тіркелді

Ұлыбритания боксшылары Каллум Симпсон (18-0, 13 КО) мен Трой Уильямсон (21-4-1, 15 КО) Англияның Лидс қаласындағы First Direct Arena кешінде өткен бокс кешінде өзара жұдырықтасты.

Екінші орта салмақтағы бұл жекпе-жекте бірден үш чемпиондық атақ — EBU нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы, Ұлыбритания чемпионы және Британ Достастығының чемпионы белбеулері сарапқа салынды. Он екі раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін жетпей, оныншы раундта күтпеген сенсациямен аяқталды.

Трой Уильямсон негізгі үміткер саналған Каллум Симпсонды нокаутқа түсіріп, төреші Симпсонның төртінші рет нокдаунға түсуінен кейін жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Шешуші сәттің видеосы төменде ұсынылған.

Осылайша, Трой Уильямсон кәсіби мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізіп, бірден үш чемпиондық титулдың иегері атанса, Каллум Симпсон карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас