2 күн бұрын

Әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға темір тұлпар берілді

Әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға темір тұлпар берілді

Бокстан 2025 жылы 2 дүркін әлем чемпионы атанған Алуа Балқыбекова жылдың қорытындысы бойынша марапатталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Алматы бокс федерациясы бокстан бір жылда екі бірдей әлем чемпионатын жеңіп алған Алуа Балқыбековаға темір тұлпар сыйлады.

Айта кетейік, Алуа Балқыбекова наурыз және қыркүйек айында Сербия мен Англиядағы жаһандық додада қарсылас шақ келтірмеген болатын.

Дәл осындай көрсеткішке биыл тек Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева ғана қол жеткізді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас