1 күн бұрын

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері 2025 жылдың үздігі атанды

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері 2025 жылдың үздігі атанды

Қазақстандық боксшылар Махмуд Сабырхан мен Сағындық Тоғамбайдың қатысуымен өткен жекпе-жектер World Boxing ұйымы тағайындаған «Жылдың үздік жекпе-жегі» атағына үміткерлер қатарына енді.

Ұйым өкілдері Махмуд Сабырханның америкалық Аарон Джудқа қарсы өткізген кездесуін, сондай-ақ Сағындық Тоғамбайдың АҚШ өкілі Малачи Джорджеспен болған жекпе-жегін жоғары бағалады. Аталған екі кездесу шілде айында Астанада өткен Әлем кубогы аясында өтті.

Сондай-ақ номинанттар қатарында мынадай жекпе-жектер бар: өзбекстандық Миразизбек Мирзахалилов пен моңғолиялық Билгуунсайхан Хархуу, польшалық Юлия Шеремета мен өзбекстандық Хуморабону Мамажонова (екеуі де Варшавада өткен Әлем кубогында), сондай-ақ Бразилияда өткен Әлем кубогында Луис Оливейра (Бразилия) мен Павел Брах (Польша) арасындағы жекпе-жек.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас