1 күн бұрын
Махмуд Сабырханның қарсыластары белгілі болды
Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан World Boxing ұйымы тағайындайтын «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткер атанды.
Бұл тізімге сондай-ақ өзбекстандық боксшылар Жавохир Умматалиев пен Фазлиддин Эркинбоев, сондай-ақ бразилиялық Луис Оливейра мен Юри Фалькао енді.
Еске салайық, қыркүйек айында Махмуд Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing ұйымының әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Ал оның «Жылдың үздік боксшысы» атағы жолындағы қарсыластары — Фазлиддин Эркинбоев (75 кг) пен Жавохир Умматалиев (80 кг) те әлем чемпиондары атанса, Луис Оливейра (60 кг) мен Юри Фалькао (65 кг) турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас