1 күн бұрын

Богданова World Boxing сыйлығына үміткерлер қатарында

Богданова World Boxing сыйлығына үміткерлер қатарында

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова халықаралық деңгейде танылды. World Boxing ұйымының «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткерлер қатарына енді.

Номинация тізіміне сондай-ақ Үндістаннан Жасмин мен Минакши, Норвегиядан Суннива Хофстад, Польшадан Агата Качмарска кірді.

Богданова жоғары бағаға әлем чемпионатындағы сәтті өнерімен ие болды. Қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing чемпионатында қазақстандық спортшы алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында Наталья Богданова Үндістан өкілі Санамачей Чананы, Түркия өкілі Сема Чалышканды, Ұлыбританиядан Шантель Ридті және Австралия өкілі Лекейша Перголитиді жеңді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас