19 сағат бұрын
Құлақ тістеген: әлем чемпионатының даулы финалына қатысты шешім шықты
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Дубайда (БАӘ) өткен әлем чемпионатының финалдық жекпе-жегінде ресейлік Всеволод Шумков пен Өзбекстан өкілі Абдумалик Халоков арасындағы кездесудің нәтижесін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Sport12.kz
60 келідегі финалда Шумков Халоковты төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңген болатын. Жекпе-жек барысында ресейлік боксшы қарсыласының құлағынан тістеп алған. Кейін Шумков «Матч ТВ»-ға берген сұхбатында бұл әрекетті эмоцияға беріліп жасағанын, алайда Халоковтың «денсаулығына зиян келтіруді» мақсат етпегенін айтқан.
— Жақын айқас кезінде Шумковтың аузы Халоковтың құлағымен жанасқан. Бұл кездейсоқ әрекет ретінде бағаланды және жекпе-жектің барысына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Жақын тұрған төреші жағдайды толық көріп, араласуды қажет етпейді деп шешті. Бейнежазба да айқастың бірден әрі дұрыс жалғасқанын, Халоковтың жекпе-жекті еркін жалғастырып, ешқандай наразылық білдірмегенін растайды. Сонымен қатар, Өзбекстан делегациясы турнир аяқталғанға дейін апелляция берген жоқ. Сондықтан ресми нәтижені өзгертуге немесе медальдық есепті түзетуге ешқандай нормативтік негіз жоқ.
Толық ашықтықты қамтамасыз ету және стандарттарды сақтау мақсатында бұл мәселе Бокстағы адалдықты қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз бөлімше (BIIU) тарапынан қаралады. Егер бұл әрекет ереже бұзушылық деп танылса, айыппұл салынуы мүмкін, — делінген мәлімдемеде.
Әлем чемпионатының медальдық есебінде Ресей боксшылары жеті алтын, бес күміс және бір қола медаль еншілеп, жалпы есепте топ жарды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов