3 сағат бұрын
Оразбек Асылқұлов ЧМ-2025 финалдарының үздік боксшысы атанды
Британдық сарапшы Мэтт Робинсон Дубайда (БАӘ) өткен IBA нұсқасындағы бокстан әлем чемпионатының финалында қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұловтың өнеріне жоғары баға берді.
Сарапшының айтуынша, жеңіл салмақтағы финал турнирдің ең әсерлі жекпе-жектерінің бірі болған.
— Финал маған қатты ұнады. Бір жағынан, бұл кездесуге Асылқұловтың қатысуы себеп болса, екінші жағынан, жекпе-жек басынан соңына дейін өте жоғары деңгейде әрі көрерменге тартымды өтті. Мен үшін Асылқұлов — Қазақстан құрамасындағы ең техникалық боксшы. Салмақ мәселесі үнемі сұрақ тудырғанымен, 57 келіде өнер көрсетуі оның қарсыласынан физикалық тұрғыда кем түспей, қаншалықты тиімді әрекет ете алатынын көрсетті.
Ол әдеттегі күшті қырларына толық сүйенген жоқ, күткеннен де жиі соққы алмасты, дегенмен эпизодтардың басым бөлігінде басымдық танытты. Айырмашылық сапада болды: өткір комбинациялар мен ең бастысы — корпусқа тұрақты жұмыс. Солақай тұрыстан бұрыштарды дәл тауып, денеге бағытталған соққылар жасады. Бұл соққылар тек ұпайға емес, жекпе-жектің жалпы барысына әсер етті.
Рахимовтың да сәтті сәттері болды, алайда шешуші сәтте Асылқұловтың класы өз сөзін айтты. Тамаша финал және кештің үздік боксшысына лайықты «алтын», — деп жазды Робинсон әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, финалда Оразбек Асылқұлов Тәжікстан өкілі Хусравхон Рахимовты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, мансабындағы алғашқы әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас