3 сағат бұрын
Геннадий Головкин XXI ғасырдың ең үздік боксшылары тізімінде
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Boxingmedia нұсқасы бойынша XXI ғасырдың ең ұлы боксшылары рейтингіне кірді.
Америкалық медиа-портал XXI ғасырдың үздік 25 боксшысынан тұратын тізімді жариялап, онда аты аңызға айналған қазақстандық Геннадий Головкин 11-орынға жайғасты.
Рейтингтің көшін АҚШ өкілі Флойд Мэйвезер кіші бастап тұр. Екінші орынға филиппиндік Мэнни Пакьяо, ал үшінші сатыға тағы бір америкалық Бернард Хопкинс орналасты. Үздік 25 боксшының қатарына сондай-ақ украиналық Александр Усик, Василий Ломаченко және Кличко ағайындылары да енген.
XXI ғасырдың ең үздік 25 боксшысы (Boxingmedia нұсқасы):
1. Флойд Мэйвезер (АҚШ)
2. Мэнни Пакьяо (Филиппин)
3. Бернард Хопкинс (АҚШ)
4. Александр Усик (Украина)
5. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)
6. Андре Уорд (АҚШ)
7. Терренс Кроуфорд (АҚШ)
8. Хуан Мануэль Маркес (Мексика)
9. Рой Джонс (АҚШ)
10. Наоя Иноуэ (Жапония)
11. Геннадий Головкин (Қазақстан)
12. Джо Калзаге (Ұлыбритания)
13. Эрик Моралес (Мексика)
14. Василий Ломаченко (Украина)
15. Оскар Де Ла Хойя (АҚШ)
16. Роман Гонсалес (Никарагуа)
17. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания)
18. Мигель Котто (Пуэрто-Рико)
19. Виталий Кличко (Украина)
20. Марко Антонио Баррера (Мексика)
21. Кейти Тейлор (Ирландия)
22. Владимир Кличко (Украина)
23. Кларесса Шилдс (АҚШ)
24. Рональд Райт (АҚШ)
25. Тимоти Брэдли (АҚШ)

Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас