3 сағат бұрын
Сакен Бибосыновқа ерекше сыйлық табысталды
Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Сакен Бибосыновқа ақ түсті жылқы сыйға тартылды.
Спортшыны Орталық Азиядағы Жаңашыл университетінде марапаттады. Сакен осы оқу орнын тәмамдаған түлектердің бірі.
«Ең құнды сыйлық — жылқы да, көлік те, пәтер де, үй де емес. Ең маңыздысы — жылы сөздер мен шынайы қолдау. Сол үшін барлығыңызға алғыс айтамын. Бұл мен үшін нағыз сыйлық», — деді Бибосынов.
Сонымен қатар, спортшыға чапан кигізіліп, екі миллион теңге сертификаты табыс етілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы IBA әлем чемпионатының финалында Сакен Бибосынов ресейлік боксшы Вячеслав Рогозинді төрешілердің айырмашылығы бойынша жеңіп, алтын медальға ие болған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас