9 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлысыз орта салмақтағы рейтинг жаңарды

Жәнібек Әлімханұлысыз орта салмақтағы рейтинг жаңарды

Boxingnews24.com сайтының журналисті Крис Уильямс Кубалық кәсіби боксшы Йоэнлис Эрнандестің (9-0, 8 КО) орта салмақта әлем чемпионы болуға үлкен әлеуеті бар деп есептейді.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы салдарынан The Ring рейтингісінен шығарылуынан кейін, бірінші орынды Карлос Адамес иеленді, ал Эрнандес екінші орынға көтерілді. Үшінші орынды Жәнібекке қарсы шыға алмаған Эрисланди Лара иеленген.

«28 жастағы кубалық Йоэнлис Эрнандес қазір өсіп келе жатқан боксшы, және көпшілік оны болашақ әлем чемпионы деп көреді. Оның негізгі қажеті — өз деңгейіне жеткізетін маңызды поединоктар, өйткені үш жылдық кәсіби мансабында ол тек бір ғана елеулі қарсыласпен, Кайрон Дэвиспен ғана жекпе-жек өткізген. Сол себепті оның дамуы баяу», — делінген мақалада.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас