2 күн бұрын

Қазақстандағы ең үздік кәсіпқой боксшының есімі белгілі болды

Қазақстандағы ең үздік кәсіпқой боксшының есімі белгілі болды

WBO нұсқасы бойынша желтоқсан айындағы кәсіби боксшылардың ресми әлемдік рейтингтері жарияланды, деп хабарлайды Sport12

Аталған ұйымның үздіктер қатарында үш қазақстандық спортшы бар.

Екінші орта салмақ дәрежесінде Әли Ахмедов өз орнын сақтап, 15-сатыда тұр.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек те бір ай бұрынғыдай 14-орында қалды.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс ұйымы әзірге Жәнібек Әлімханұлын рейтингтерден шығарған жоқ.

Бұдан бөлек, қазақстандық боксшы Эрисланди Лараға қарсы Сан-Антониода өтуі тиіс үш титул (WBO, WBA, IBF) үшін жекпе-жек алдындағы допинг дауына қарамастан, осы уақытқа дейін чемпиондық белбеуді иеленіп келеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас