2 күн бұрын
Абылайхан Жүсіпов: қырғыз боксшысы кешірім сұрады
Бокстан 3-14 желтоқсан күндері Дубайда өткен әлем чемпионатында 71 келіде топ жарған Абылайхан Жүсіпов өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz сайты 1BOL YouTube арнасындағы сұхбатына сілтеме жасап.
"Жартылай финалдың нәтижесін жариялаған сәтте Қырғызстан боксшысы Ихтияр Нишинов қолын сермеп, төрешілер шешімімен келіспейтіндігін айтқан еді. Алайда жекпе-жектен кейін қырғыз спортшысы арнайы келіп, кешірім сұрады. Ол раундтар арасында есепті білмей, тек бапкерлерінің жеңіп жатсың деген сөзіне сенгенін айтты. Кейін есепті көрген соң, өз қателігімді мойындадым деп, кешірім сұрады", - деді Абылайхан Жүсіпов.
Ол қарсыластарының өзін құрметтейтінін айта кетті.
"Финалдық айқастан соң, қарсыласым Сергей Колденков жеңісіммен құттықтады. Ол мені ұзақ уақыттан бері қарап жүргенін тілге тиек етіп, осы жолы жеңіске лайықтысың деп қолымды алды. Мен үшін де жақсы эмоция болды", - деп Абылайхан Жүсіпов жаһандық додадағы ерекше сәттерін айтты.
Айта кетейік, 27 жастағы Абылайхан Жүсіпов өз мансабында әлем чемпионатының 1 алтын және 3 қола жүлдесін алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов