1 күн бұрын

Абылайхан Жүсіпов Рио Олимпиадасына қалай барғанын еске түсірді

Абылайхан Жүсіпов Рио Олимпиадасына қалай барғанын еске түсірді

Бокстан 3-14 желтоқсан күндері Дубайда өткен әлем чемпионатында 71 келіде топ жарған Абылайхан Жүсіпов өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz сайты 1BOL YouTube арнасындағы сұхбатына сілтеме жасап.

"Жасөспірім және жастар арасында ешқандай жеңіліссіз Азия және әлем чемпионы атанған соң, 2015 жылы ересектер сапына ауыстым. Сол сәтте жеңіс сериясын жалғастырамын деген сенімім болды. Оқу-жаттығу жиынында жүргенде психолог апайымыз бәрімізге күнделік жазуымызды тапсырған еді. Мен оны ешкім оқымайтын шығар деп, күнде Рио Олимпиадасына қатысамын деп арманымды жазатынмын. Кейін ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов күнделіктерді оқитынын біліп, ыңғайсыздандым", - деді Абылайхан Жүсіпов.

Ол Олимпиададағы сәтсіздіктерін де еске алды.

"Рио Олимпиадасында ұлттық құрамадағы ең жас боксшы болдым. Бір әттеген-айы, Рио мен Токио Олимпиадасында да бірінші айналымнан аса алмадым", - деп Абылайхан Жүсіпов өзінің өкінішін білдірді.

Айта кетейік, 27 жастағы Абылайхан Жүсіпов өз мансабында әлем чемпионатының 1 алтын және 3 қола жүлдесін алды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас