1 күн бұрын
Абылайхан Жүсіпов Лос-Анджелес Олимпиадасына қатыса ма?
Бокстан 3-14 желтоқсан күндері Дубайда өткен әлем чемпионатында 71 келіде топ жарған Абылайхан Жүсіпов өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz сайты 1BOL YouTube арнасындағы сұхбатына сілтеме жасап.
"Дубайдағы әлем чемпионатында гештальттарым жабылды. Жасөспірім, жастар, ересектер арасында да әлем және Азия чемпионы атандым. Финалда эмоцияға ерік бердім. Өйткені 7 жасымнан бері осы жетістікке жету үшін қаншама тер төгілді. Енді Азия ойындары мен Олимпиаданың жүлдесі жетіспейді", - деді Абылайхан Жүсіпов.
Ол сұхбат барысында алдағы мансабы жайлы да айта кетті.
"Қаңтар айында оқу-жаттығу жиыны басталады. Сол кезде бапкерлер шешеді. Одан бөлек, мен де жанымдағы жанашыр жандармен ақылдасып, шешім қабылдаймын. Егер әлі де мүмкіндігін бар десе, жалғастырамын. Жетеді десе, осымен тоқтаймын. Өйткені осындай жетістіктерге жалғыз өзім жете алмас едім. Жарыстағы әр жеңілістен кейін боксты бірнеше рет тастап кеткім келді. Сол сәтте әйелім, бапкерім, достарым қолдауларын аямады", - деп Абылайхан Жүсіпов эмоциясын білдірді.
Айта кетейік, 27 жастағы Абылайхан Жүсіпов өз мансабында әлем чемпионатының 1 алтын және 3 қола жүлдесін алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов