1 күн бұрын
Жылдың үздік спортшысы белгілі болды
Бүгін, 25 желтоқсан күні Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігінің жыл сайынғы дәстүрге айналған «Үздік-2025» атты спорт саласының үздіктерін анықтайтын марапаттау рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Марапаттау барысында жылдың үздік спортшысы ретінде бокстан 2025 жылы 2 дүркін әлем чемпионы атанған Алуа Балқыбекова мен грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионы атағына қол жеткізген Айдос Сұлтанғали танылды.
Айта кетейік, салтанатты іс-шараға спорт саласының ардагерлері, Олимпиада жүлдегерлері, белгілі спорт қайраткерлері мен спорт журналистері қатысты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов