1 күн бұрын

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев шенеунік ретінде де үздік деп танылды

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев шенеунік ретінде де үздік деп танылды

Бүгін, 25 желтоқсан күні Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігінің жыл сайынғы дәстүрге айналған «Үздік-2025» атты спорт саласының үздіктерін анықтайтын марапаттау рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

Марапаттау барысында «Үздік спорттық өңір» ретінде бокстан Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев басқаратын Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы танылды.

Қызылорда облысының 2025 жылдағы басты жетістігі - тәуелсіз Қазақстан тұсында үшінші футбол стадионы қолданысқа берілді. Араға 5 жыл салып, елімізде УЕФА-ның 4-санатына сәйкестендірілген және 11 мың көрерменге арналған жаңа стадионда Қазақстан Кубогының финалдық ойыны өтті.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы атынан 26 жылдық үзілістен кейін грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанған болатын.

Айта кетейік, Бақтияр Артаев 2024 жылдың 10 желтоқсанында Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас