10 сағат бұрын
Сәкен Бибосынов: Қазақстан чемпионатына қатыспаймын деп ойлағам
Бокстан 3-14 желтоқсан аралығында Дубайда өткен әлем чемпионатында 54 келіде топ жарған Сәкен Бибосынов жарыс барысына тоқталды, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Otyrar.tv YouTube арнасына сілтеме жасап.
"Әлем чемпионатында 5 кездесу өткіздім. Оның ішінде финалдық жекпе-жек қиынға соқты. Ресейдің жас боксшысы алға ұмтыла береді. Оқу-жаттығу жиынында да бір-бірімізді зерттеген едік. Финалда кішігірім қателліке жол бердім. Бірақ тәжірибемнің арқасында 2 дүркін әлем чемпионы атандым. Әйтсе де жаһандық додаға дейін де біршама қиындықтар болды. Мысалы, Семейдегі Қазақстан чемпионатына қатыспаймын деп ойлағам. Бірақ жеке бапкерім Мырзағали Айтжанов маған жігер беріп, тоқтамауымды сұрады. Сондықтан бұл жетістікке Мырза ағаның үлесі зор", - деді Сәкен Бибосынов.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов биыл 51 келіден 54 келіге көтеріліп, қазан айында Қазақстан чемпионы, ал желтоқсанда әлем чемпионы атанған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов