5 сағат бұрын

Махмұд Сабырхан World Boxing ұйымының үздік боксшысы атанды

Махмұд Сабырхан World Boxing ұйымының үздік боксшысы атанды

Қазақстандық Махмұд Сабырхан World Boxing ұйымының биылғы жылдың үздік боксшы деп жарияланды, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл таңдау әлеуметтік желі арқылы дауыс беру нәтижесінде белгілі болды. Аталған тізімге Махмұдпен бірге өзбекстандық Жавохир Умматалиев, Фазлидин Эркинбоев, бразилиялық Луис Оливейра мен Юри Фалькао енгізілген еді.  

Олардың арасынан Махмұд Сабырхан оқ бойы озық шықты. 

Махмұд Сабырхан 2001 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін 2023 жылы әлем чемпионы болса, 2021 жылы күміс жүлдегер атанды. 2024 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алса, 2022 жылы құрлықтық додада екінші орын алды.

Қыркүйек айында Махмұд Сабырхан Ливерпульдегі әлем біріншілігінің алтын медалін иеленді. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас