1 күн бұрын
Геннадий Головкин жақын арада рингке оралмайды
Испаниялық Marca басылымы орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жақын арада рингке оралуы екіталай екенін жазады.
Басылымның пайымдауынша, бұған басты себеп — Головкиннің қазіргі таңда атқарып отырған жауапты лауазымдары. Атап айтқанда, екі рет әлем чемпионы атанған GGG осы айда Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) қабылданды. Сонымен қатар ол Олимпиада бағдарламасындағы боксты қадағалайтын World Boxing ұйымының президенті болып тағайындалды. Бұған дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетін басқарды.
Головкиннің соңғы жекпе-жегі 2022 жылдың қыркүйегінде өткен. Ол кезде қазақстандық боксшы Канело Альварес пен болған трилогияның қорытынды кездесуінде төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңілген еді. Ресми түрде мансабын аяқтағанын жарияламағанына қарамастан, қазіргі ахуал Головкиннің жақын уақытта кәсіпқой бокска қайта оралуы туралы әңгіме жоқ екенін аңғартады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас