24 сағат бұрын
Сәкен Бибосынов: Хасанбой Дусматовпен бәсекелестігіміз жақсы болды
Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов басты қарсыласы жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz
- "Париж Олимпиадасының ширек финалының алғашқы раундында төрешілер 3:2 есебімен жеңісті маған берді. Екінші раундта дәл осындай басымдық Хасанбойға берілді. Үшінші раундта Франция төрешісінің дауысы шешуші рөл ойнап, Өзбекстан өкілі жеңімпаз деп танылды. Жалпы екеуміздің әр жекпе-жегінде кім жеңіске жетсе, сол әлем және Олимпиада чемпионы атанып жатты. Біз жайлы тіпті кино түсіруге де болады", - деді Сәкен Бибосынов.
Ол 51 келіде жүре беру қаншалықты ауыр екендігіне де тоқталды.
- "Париж Олимпиадасында 51 келіні ұстау қатты қиын болмады. Тек 2024 жылдың соңындағы Таиландтағы Азия чемпионатында денсаулығым сыр берді. Тура рингке шыға берер сәтте аяғымды жарақаттап алдым. Дәрігерлер егер спортты жалғастыратын болсаң, ота қажет деді. Егер осылай жүре берсең, аяғың одан сайын ушығып кетуі мүмкін екендігін айтты. Екі ай жаттым", - деп Сәкен Бибосынов өз пікірін айтты.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов желтоқсан айында Дубайда өткен әлем чемпионатында 54 келіде топ жарған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов