7 сағат бұрын
«Алтын» және «қола» жүлде иелері автокөлікке ие болды
Түркістанда Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Нұрғалихан Қушеров әлем чемпионаттарында жетістік көрсеткен спортшыларды марапаттады. Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов пен каратэші Асель Канайға жаңа автокөліктердің кілттері табыс етілді.
Сәкен Бибосынов – екі дүркін әлем чемпионы. 2025 жылғы IBA әлем чемпионатының финалында ол ресейлік боксшы Вячеслав Рогозинді төрешілердің бір дауыспен шешімімен жеңіп, алтын медальді жеңіп алған еді.
Ал Асель Канай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Екі спортшы да марапат ретінде жаңа автокөліктермен сыйланды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас