4 сағат бұрын

Бахтияр Нариманов Bangla Boxing Stadium чемпионы атанды

Бахтияр Нариманов Bangla Boxing Stadium чемпионы атанды

Қазақ тайбоксшысы Бахтияр Нариманов (3-0, 3 КО) Тайландтың Пхукет қаласында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Bangla Boxing Stadium чемпиондық титулын жеңіп алды.

17 жастағы Нариманов титулдық кездесуде 22 жастағы ресейлік спортшы Мұсыл Мұртазалиевпен (28-2) шаршы алаңға шықты және екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

«Мен рингке кіммен шығатынымды білетінмін. Мұсыл – Bangla стадионының жұлдызы және чемпионы. Екінші раундта есеп бойынша алда болдым. Содан соң айналып барып соққымды ішке тигізіп, бәрі аяқталды. Нокаутпен жеңіске жеткеніме қуаныштымын, енді Қазақстанның туын шетелде көтеруге бар күшімізді саламыз», – деді Нариманов.

Бұл Бахтияр Наримановтың кәсіби мансабындағы үшінші уақытынан бұрынғы жеңісі. Ол әлі жеңіліс тапқан жоқ. 25 қарашада Нариманов тағы бір тай спортшысы Джонгсананлек (50-15) нокаутпен жеңіп, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде International Champion титулын жеңіп алған еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас