3 күн бұрын

Александр Усик пен Деонтей Уайлдердің айқасы қашан өтеді?

Александр Усик пен Деонтей Уайлдердің айқасы қашан өтеді?

Ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, украиналық Александр Усиктің (24-0, 15 КО) менеджері Эгис Климас Усиктің келесі қарсыласы АҚШ-тың экс-чемпионы Деонтей Уайлдер (44-4-1, 43 КО) болатынын растады, деп хабарлайды Sport12.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін Уайлдермен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін Усиктің өзі білдірген болатын.

«Усик пен Уайлдер арасындағы жекпе-жекті көруіміз әбден мүмкін, — деді Климас.

— Қазір біз осы бағытта және Александрға арналған бірнеше жекпе-жек бойынша келісімшарт үстінде жұмыс істеп жатырмыз. Барлығы расталған соң, белсенді кезеңге көшеміз».

«Уайлдердің командасымен келіссөздер қазірдің өзінде жүріп жатыр, — деп атап өтті Эгис.

— Біз Лас-Вегас немесе Лос-Анджелесті қарастырып отырмыз. Ал айқас шамамен сәуірдің соңы немесе мамырдың басында өтеді».

«Уайлдер — Александр әлі кездесіп көрмеген ең танымал есімдердің бірі. Ол әлі де жақсы формада. Нағыз жауынгер болып қала береді. Сондықтан қызығушылық тудырады. Оның үстіне, әңгіме АҚШ-та өтетін жекпе-жек туралы», — деп қосты менеджер.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас