3 күн бұрын
Сабыржан Аққалықов: өзбек боксшысына қарсы дайындалып едім
Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабыржан Аққалықов жартылай финалда болмай қалған айқасына тоқталды, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Спорт Министрі YouTube арнасына сілтеме жасап.
- "Жаһандық доданың жартылай финалында Ливерпульдегі әлем чемпионы Фазлиддин Еркинбоевпен жолығуым керек еді. Өзім де өзбек боксшысына қарсы дайындалдым. Ташкенттегі оқу-жаттығу жиынынан арнайы тактика түздік. Ол да жақсы спортшы. Жылдам әрі жас боксшы. Қулығы бар. Өкінішке қарай, таңғы салмақ өлшеу сәтінде Фазлиддин жұдырықтаса алмайтындығын айтты. Бұйырса, 2026 жылы Азия чемпионаты, Азия ойындарында өзара мықтыны анықтаймыз деген сенімдемін", - деді Сабыржан Аққалықов.
Ол Ташкенттегі оқу-жаттығу жиынында Фазлиддинмен ерегесіп қалғаны жайлы да айтты.
- "Оқу-жаттығу жиыны барысында ғана эмоцияға берілдік. Спарринг аяқталған сәтте қол алысып, ұмытып кеттік. Ешқандай кикілжің жоқ", - деп Сабыржан Аққалықов өз пікірін білдірді.
Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов 2025 жылы Ливерпуль мен Дубайдағы әлем чемпионатына да қатысқан болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов