3 күн бұрын
Сабыржан Аққалықов: Олимпиадалық салмаққа ауысуым мүмкін
Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабыржан Аққалықов қай салмақта қалатынын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Спорт Министрі YouTube арнасына сілтеме жасап.
- 2024 жылдың күзінде Шымкентте өткен Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде менің таза салмағым 82 келіні құраған еді. 11 келі қуып, 71 келіде чемпион атандым. Содан кейін ағаларым 75 келіде жұдырықтасуға кеңес берді. 2025 жылы "Странджа" мен Астанадағы әлем Кубогында осы салмақта топ жардым. Дубайдағы әлем чемпионатында күміс жүлде алдым. Бірақ 75 келі Олимпиада бағдарламасына кірмейді. Алдағы уақытта 70 немесе 80 келіге ауысамын. 1-2 жылда көре жатармыз. Менің 70 келіде айқаспай жүруіме Абылайхан Жүсіповтың ешқандай қатысы жоқ", - деді Сабыржан Аққалықов.
Ол Абылайхан Жүсіповпен қарым-қатынасы жайлы да тоқталды.
- "Абылайхан екеуміздің жеке бапкеріміз бір. Өзім кішкентай кезімде Абылайханның іштен жасайтын соққысына қызығып, өзіме пайдалануға тырысатын едім", - деп боксшы өз сөзін тәмамдады.
Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов 2025 жылы Ливерпуль мен Дубайдағы әлем чемпионатына да қатысқан болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов