3 күн бұрын

Дмитрий Биволдың келесі қарсыласы белгілі болды

Дмитрий Биволдың келесі қарсыласы белгілі болды

Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екені белгілі болды.

Деректерге сүйенсек, Биволдың алдағы міндетті жекпе-жегіндегі ықтимал қарсылас — IBF нұсқасы бойынша міндетті үміткер, Германия өкілі Михаэль Айферт. Ол операциядан кейін рингке қайта оралатын чемпион үшін ең қолайлы нұсқа ретінде қарастырылып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін боксшының бапкері дәрігерлер тамыз айында жасалған операциядан соң шамамен алты айлық оңалту кезеңін белгілегенін мәлімдеген еді. Қалпына келу процесі бел омыртқа тұсындағы бұлшық еттерді күшейтуге бағытталған.

Дмитрий Бивол 2026 жылдың наурыз–сәуір айларында рингке оралып, чемпиондық белбеуін міндетті түрде қорғауды жоспарлап отыр.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас