3 күн бұрын
Бокстан IBA әлем чемпионатын қанша адам тамашалады?
Бүгін Умар Кремлев басқаратын Халықаралық бокс қауымдастығы 2025 жылды қорытындылады, деп хабарлайды Sport12.kz
Мәліметке сүйенсек, биыл бірнеше ірі жайттар тіркелген.
- 2025 жылы наурыз және желтоқсан айларында 2 әлем чемпионаты өтіп, 25 салмақта әлем чемпионы анықталды.
- 3-14 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылған ерлер арасындағы жаһандық додада жүлде қоры рекордтық 8,32 миллион долларды құрады.
- Қос әлем чемпионатын YouTube арқылы 21,3 млн адам тамашалаған.
- Кәсіпқой бокстың жұлдызы Мэнни Пакьяо IBA ұйымының вице-президенті атанды.
Айта кетейік, IBA ұйымы 2026 жылы жүлде қоры 10 млн долларды құрайтын командалық әлем чемпионатын өткізетінін жариялаған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов