2 күн бұрын

Қазақстанның үздік 10 боксшысы жарияланды

Қазақстанның үздік 10 боксшысы жарияланды

BoxRec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік боксшыларының рейтингін жариялады.

Тізімнің көшін орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бастады. Оның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші — 17 жеңіс, 12 нокаут. Дегенмен жуырда боксшы допингке байланысты дау ортасында қалып, айып дәлелденген жағдайда жарыстардан шеттетілуі мен чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін.

Рейтингте екінші орынды Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO), ал үшінші орынды Жанкөш Тұраров (29-0, 20 KO) иеленді.

Сондай-ақ үздік ондыққа келесі боксшылар кірді: Данияр Елеусінов, Бек Нұрмағанбет, Бекман Сойлыбаев, Батыр Жүкембаев, Руслан Мадиев, Ельшат Нығметолла және Садриддин Ахмедов.

BoxRec рейтингі боксшылардың белсенділігі, қарсыластарының деңгейі және нәтижелері негізінде жасалады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас