2 күн бұрын
Британдық боксшы Джошуа ауруханадан шықты
Супер ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа Нигерияның Лагос қаласындағы жол-көлік апатынан кейін ауруханадан шығарылды. Апат өліммен аяқталды.
Daily Mail хабарлауынша, британдық боксшы сәрсенбі күні кешке ауруханадан шыққан және үй жағдайында қалпына келуді жалғастыра алады. Дегенмен, Джошуа екі жақын досының қайтыс болуын ауыр қабылдап отыр.
Спортшының жақындарының айтуынша, ол алдағы күндері Нигерияда болып, үйде емін жалғастырады.
Аппарат 29 желтоқсанда Лагос–Ибадан жолында орын алды. Джошуа отырған Lexus джипі жол үстінде тұрған жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан екі адам — британдық боксшының бапкерлері — қаза тапты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас