2 күн бұрын

Қазақстанның үздік боксшылары анықталды

Қазақстанның үздік боксшылары анықталды

Фото: skysports.com

Boxrec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Рейтингтің бірінші орнын Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) иеленді. Қазіргі таңда ол орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып қала береді. Алайда жуырда ол допинг дауына іліккен. Егер боксшының кінәсі дәлелденсе, оған дисквалификация мен чемпиондық белбеулерінен айырылу қаупі төніп тұр.

Қазақстандық үздік үш боксшылардың қатарына сондай-ақ Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 KO) енді.

Ал үздік ондықтағы өзге спортшылар мыналар:

Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO),

Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO),

Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 KO),

Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO),

Руслан Мәдиев (18-2-1, 6 KO),

Ельшат Нығметолла (21-0-3, 8 KO),

Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO).



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас