1 күн бұрын

Әлем чемпионы Аида Әбікеева 2025 жылға бағасын берді

Әлем чемпионы Аида Әбікеева 2025 жылға бағасын берді

Бокстан 2025 жылы 2 дүркін әлем чемпионы атанған Аида Әбікеева өз парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz

"2025 жыл мен үшін өте ерекше әрі мағыналы жыл болды. Бұл жылда жеңіс те, жеңіліс те қатар жүрді. Аллаға шүкір, араға 16 жыл салып, бір жылдың ішінде екі дүркін әлем чемпионы атандым. Бұл бала кезден бергі арманымның бірі еді. Бұған дейінгі бірнеше жылдағы жеңілістер мені шаршатқан сәттер де болды. Бірақ жүректегі қазақ елінің көк Туын желбіретіп, әнұранымызды әлемге шырқату атты мақсатым ешқашан сөнген емес.

Осы жетістікке жетуіме зор еңбек сіңірген бапкерлеріме шексіз алғыс айтамын. Әр дайындықта жанымнан табылып, бар күшін салған еңбектеріңіз баға жетпес", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан боксшылары үшін қарбаласқа толы болып, 4 бірдей әлем чемпионатында қатысқан еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас