1 күн бұрын

Ертуған Зейнуллинов: әлем чемпионатында аппеляциямды қабылдамады

Ертуған Зейнуллинов: әлем чемпионатында аппеляциямды қабылдамады

Бокстан Дубайда өткен ерлер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде алған Ертуған Зейнуллинов жартылай финал бойынша пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Ақырыс Сейітқазының YouTube арнасына сілтеме жасап.

"Жартылай финалда Ресей атынан сынға түскен Илья Поповпен жұдырықтастым. Бірінші раундта жеңдім. Екінші раундта төрешілер 3:2 есебімен басымдықты ресейлікке берді. Үшінші раундта аянып қалмадым. Жеңіс менің тарапымда болғанымен, қосымша төрешілер жеңімпаз ретінде Илья Поповты таныды. Жекпе-жектен кейін аппеляциямызды қарастырмады. Өйткені бізге дейін де бірнеше дау тудырар айқастар болған еді. Сондықтан шешім өзгеріссіз қалды", - деді Ертуған Зейнуллинов.

Айта кетейік, 63,5 келіде сынға түскен Ертуған Зейнуллинов өз мансабында алғаш рет әлем чемпионатында қола жүлде алды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас