1 күн бұрын

Ертуған Зейнуллинов: Азиаданың қола жүлдесін әлі алмадым

Ертуған Зейнуллинов: Азиаданың қола жүлдесін әлі алмадым

Бокстан Дубайда өткен ерлер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде алған Ертуған Зейнуллинов 2023 жылғы Азия ойындарын еске түсірді, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Ақырыс Сейітқазының YouTube арнасына сілтеме жасап.

"2023 жылы менің ең алғашқы ірі халықаралық жарысым Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары болып еді. Тәжірибем аз болды. Жеребе де қиын түсті. Ширек финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Баатарсухин Чинзоригке есе жібердім. Эмоциямды тежей алмадым. Кейін бірнеше уақыт өткен соң, моңғол боксшысынның допингпен ұсталғаны мәлім болды. Менің қола жүлдегер атанғанымды қабылдады. Бірақ 2 жылдан астам уақыт өтті. Қола жүлдем әлі келмеді. Бұл мәселені қалай шешетінімді білмеймін", - деді Ертуған Зейнуллинов.

Айта кетейік, 63,5 келіде сынға түскен Ертуған Зейнуллинов өз мансабында алғаш рет әлем чемпионатында қола жүлде алды.




Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас