4 күн бұрын
Садриддин Ахмедов ақпанда рингке оралады
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15–0–1, 13 KO) рингке қашан оралатынын мәлімдеді.
Жеңіліп көрмеген «Q Солдатының» келесі жекпе-жегі ақпан айына жоспарланған және АҚШ-та өтеді. Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлап, Лос-Анджелестегі жаттығуларынан бірнеше сурет жариялады.
«Ақпанда көріскенше», — деп жазды Ахмедов. Әзірге оның қарсыласының есімі аталмады.
Айта кетейік, 22 қараша күні Садриддин Ахмедов Мексика өкілі Эдгардо Веласкеспен (16–2, 16 KO) Лонг-Бич қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда белгісіз себептерге байланысты жекпе-жек өтпей қалды.
Қазіргі уақытта Ахмедовтың соңғы жекпе-жегі өткен жылдың сәуір айына сәйкес келеді. Ол кездесуде қазақстандық боксшы мексикалық Элиас Эспадаспен (23–7–1, 16 KO) тең түскен еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас