3 күн бұрын
Қазақстан боксшылары оқу-жаттығу жиынына кірісті
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркістан облысында 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынына кірісті, деп хабарлайды Sport12.kz.
25 қаңтарға дейін жалғасатын жиын - наурыз айында Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына дайындықтың бірінші кезеңі.
20 күн бойы барлық аймақтан жиналған 50 спортшы физикалық және функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға, күш пен төзімділіктің жалпы көлемін жинақтауға және алдағы жарыстарға қажетті жүктеме базасын қалыптастыруға еңбектенеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас