2 күн бұрын
Головкин World Boxing ұйымының басты бағытын айқындады
World Boxing ұйымының президенті, бокстан бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2026 жылға арналған негізгі мақсаттарын айтты.
Геннадий Головкин 2025 жылдың соңында World Boxing ұйымының президенті болып сайланған болатын. Бұған дейін ол ұйымның Олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.
— Спортшылар — World Boxing ұйымының жүрегі әрі басты құндылығы. Біздің негізгі мақсатымыз — спортшылардың басқару жүйесіндегі рөлін күшейту, іріктеу мен біліктілік алу жолдарының ашық әрі әділ болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Біз спортшылардың физикалық және психологиялық әл-ауқатына ерекше көңіл бөлеміз, сонымен қатар олардың кеңесші және өкілдік құрылымдарға толыққанды қатысуына жағдай жасаймыз, — деді Головкин.
Сондай-ақ ол алдағы жылы ұйым мүшелерімен тығыз байланыста жұмыс істеуге ниетті екенін атап өтті.
— Мені бәріңіз ісімен танисыздар. Барлық мүшелермен тұрақты байланыста болып, бірлескен жұмысты күшейтеміз. Бірге отырып, World Boxing ұйымының тұрақты әрі табысты болашағына берік негіз қалайтынымызға сенімдімін. 2026 жыл бәріміз үшін бірлікке, нақты нәтижелерге және ортақ жетістіктерге толы жыл болсын, — деп түйіндеді Геннадий Головкин.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас