4 күн бұрын
Алматыда кәсіби спортшылар дайындалатын зал жоқ: Еркебұлан Тоқтар АҚШ-қа кететінін мәлімдеді
Қазақстандық спортшы Instagram стористерінде Майамиге оқу-жаттығу жиынына баратынын жариялады, деп хабарлайды sport12.kz.
Ол 15 қаңтар мен 15 наурыз аралығында АҚШ-тың Майами қаласында дайындалатынын мәлімдеді. Спортшы әуе билетін алып жатқан сәттен видео бөлісіп, бұл шешімнің себебін түсіндірді.
«Достар, мен билет алып жатырмын. Майамиге дайындыққа 15 қаңтар кетіп, 15 наурыз қайтып келемін. «Неге Америка, бізде дайындала берсең болмай ма?» деген сұрақтар келіп жатыр. Бізде де жаттықтырушылар көп. Бірақ жаттығу тек бапкер емес, кіммен спарринг өткізетініңде. Бара жатқан залда көптеген UFC файтерлері, кем дегенде бір лиганың чемпиондары барлар. Солармен бірге жаттығу мен үшін үлкен тәжірибе. Алматыда олай кәсіби төбелесетін спортшылар дайындалатын зал жоқ. Кейде түсініксіз деңгейде спаррингке шақыратындар болады, жарақат алу қаупі жоғары. Америкада нақты тәртіп бар», – деді Еркебұлан Тоқтар.
Еске сала кетейік, 27 желтоқсан күні Ташкентте өткен бокс кешінде Тоқтар Өзбекстан өкілі Тимур Никулинмен жұдырықтасты. Ол қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жеткен болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас