4 күн бұрын

IBF титулы үшін өтетін жекпе-жектен тағы бір боксшы бас тартты

IBF титулы үшін өтетін жекпе-жектен тағы бір боксшы бас тартты

Мексикалық танымал боксшы Хайме Мунгия (45-2, 35 КО) кубалық Ослейс Иглесиасқа (14-0, 13 КО) қарсы IBF нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуден бас тартты.

The Ring басылымының мәліметінше, Иглесиастың Eye of The Tiger Management компаниясындағы ұйымдастырушысы Камил Эстефан IBF-тен ресми ұсыныс түскеннен кейін бес минуттың ішінде келісім берген. Алайда Хайме Мунгияның өкілдері — Zanfer Promotions бірнеше сағаттан соң бұл жекпе-жектен бас тартатынын хабарлаған.

Осыған байланысты IBF ұйымы Ослейс Иглесиасқа рейтингтегі басқа боксшылардың арасынан жаңа қарсылас іздеуге мәжбүр болады.

Бұған дейін Иглесиаспен жекпе-жек өткізуден бұрынғы чемпион Сауль «Канело» Альварес те бас тартқаны белгілі болған. Қазіргі уақытта ол шынтақтағы отадан кейін қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы америкалық Теренс Кроуфордқа тиесілі болған. Алайда оның мансабын ресми түрде аяқтағанын жариялауына байланысты чемпиондық белбеу бос қалған еді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас