3 күн бұрын

Бүгін Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы бойынша нақты шешім шығады

Бүгін Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы бойынша нақты шешім шығады

Фото: No Limit Boxing

Бүгін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы бойынша нақты шешім шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Бұл мақсатта мамандар В сынамасын сарапқа салып, ол бойынша нақты жауабын айтады. Сынамада отандасымыздың тыйым салынған препарат қолданғаны анықталса, кәсіпқой мансабына байланысты сұрақтар туындайды. Егер ол жалған болып шықса, мансабын қайта жалғатыруға мүмкіндік алады.

Айта кетсек, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы желтоқсан айындағы кезекті жекпе-жегі алдындағы допинг тестінен өтпей қалды.

Ол жөнінде спортшының өзі пікірін білдірді.

- Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер, - деді ол.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас